Жарнама
Жаңалықтар

Қиғашта су деңгейі көбеюде

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты болып отыр.  

Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 270 см, тәулігіне көтерілу +16 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 141 сантиметрді құрайды.

Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 146 см, тәулігіне +16 см. Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 136 см құрайды.

Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 173 см, тәулігіне +5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 76 см құрайды.
Бүгін 22 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 21 750 м3/с құрайды.

Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button