Білімге сүйенген ел бәрінен озады

б¦л¦мге с йенген ел б р¦нен озады Білім

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы Ассамблея институты студенттердің қатысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.  

б¦л¦мге с__йенген ел б__р¦нен озады

«Рухани жаңғыру және ұлттық бірегейлік» деген тақырыпта өткен басқосуда Атырау облысының әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Тамара Аман-Турлина мақаланың тәрбиелік, тарихи мәні зор екенін айтты.

– Жапония өндірген тауарларының бәрін брендке айналдырды. Сол секілді, Германия да сапасына сын табылмайтын тауарларымен әлемге әйгілі. Ал, Қазақстанды әлемге танытатын жастар жан-жақты білім алып, бірнеше тілді меңгеріп, бәсекеге қабілетті болғаны жөн. Сонда біз бағындырмайтын белес болмайды, – деген ол жастарды Отанды сүюге, бір-бірін құрметтеуге  шақырды. Сондай-ақ, Елбасы мақаласында айтылған «Жүз жаңа есімге» орай «Облысымызда бұл дәрежеге лайық адамдарды тізімге енгізіңіздер. Біз үшін, сіздердің де ойларыңыз маңызды, жұмысты бір ай көлемінде сауалнамалық тұрғыда өткізсек», – дедіТамара Аман-Турлина.

Шараға қатысқан «Былина» орыс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Зинфира Романова «Мемлекет басшысы өзінің тұжырымдамалық мақаласында ұлтымыздың саналы, ұрпағымыздың қабілетті болуына маңыз берді. Бұл орайда ата-аналар, әсіресе, үш тілді меңгерудің маңызды екенін жіті ұғынып, баланы оқытуға талпынуы керек. Ата-анамен оқу орындары арасында тығыз байланыс орнағанда, бала да толыққанды білім алып, саналы, білімді азамат болып өседі. Біздің бірлестік те жас ұрпақтың мәселесін бірінші кезекке қойып келеді» деді.

«Тхоньил» корей және «Новруз» әзербайжан этномәдени бірлестіктер өкілдері де Елбасы мақаласынан туындаған мәселелерге байланысты өз ойларын ортаға салды.

 

Сіз не дейсіз

Зураб БОБОХИДЗЕ,

«Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– Кез келген адам өзге елге қоныс аударғанда, жаңа ортаға бірден үйренісіп кете алмайды. Алғаш қазақ жеріне келгенімде, мен де сондай күйді кештім. Содан бері елу жыл өтті. Қазақстан маған тарихи Отанымнан да артық көрінеді. Мен бүгін өзімді осы елде өмір сүргенім үшін бақытты адаммын деп санаймын.

Қазақстан тәуелсіздігін алған тұста отбасыммен туған жерім Грузияға бардым. Сол кезде «Грузияда тек грузиндер ғана тұруы тиіс» деген түсінік болды. Нәтижесінде Грузия үшке бөлініп кетті. Ал, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әу бастан-ақ, еліміздің ұлтқа бөлінбейтінін айтып, адамдардың бәрін бауырына баса білді. Қазір Қазақстан қарқынды даму жолына түсті. Экономика өркендеді. Елдің ынтымағы нығайды. Бүгінгі біздің бейбіт тірлігіміз – сарабдал саясаткер Елбасы саясатының жемісі.

 

Шахман НАҒЫМОВ, 

педагогика ғылымдарының кандидаты:

– Мақалада туған жерге қатысты айтылған ұсыныстар баршаға терең ой салды. Енді сөзден гөрі іске көшетін сәт келді. Сондықтан, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшылары екі томдық өлке тарихын жазуды қолға алудамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Кітапқа XX ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы білім беру, жаппай тәркілеу мен депортация туралы дерек енеді. Ол үшін Ресей жеріндегі мұрағаттардан мағлұматтар алатын боламыз. Біздің бастамамызды оқу орнының басшылығы қолдап отыр. Бұл ең алдымен, өлке тарихына қатысты біраз тың деректерді табуымызға мүмкіндік береді.

Мәлике Қуанышева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз