Банкоматтарда неге ұсақ ақша болмайды?

huge e6b839f5 b59c 44aa b332 8053d2841468 Жаңалықтар
ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында екінші деңгейлі банктердің банкоматтарында неге ұсақ ақша болмайтынын түсіндірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
huge_e6b839f5-b59c-44aa-b332-8053d2841468

 

Онлайн сауал қоюшы банкоматтарда үнемі ұсақ ақша болмайтынына шағым білдірді.

«Біз бұл мәселемен таныспыз. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді ақшаның барлық номиналдарымен қамтамасыз етеді. Бірақ банктерге ірі ақша салған тиімді. Себебі, бұл жиі ауыстыруды талап етпейді. Сонда олар инкассацияға кететін шығынды азайтуға тырысады», – деді Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк банктерді мәжбүрлей алмайды.

«Қатаң талап жоқ. Алайда, егер Сізде шағым болса Ұлттық банкке онлайн режімде жүгіне аласыз»,- деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз