Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Қазіргі «Атырау» газеті жарты ғасыр бұрын қалай шыққанын білесіз бе?

…Сексенінші жылдардың басы. Гурьев қаласындағы Уәлиханов көшесі бойында орналасқан облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің редакциясы. Өрімдей Зейнегүл қыз шалғай жатқан ауданның бірі Қызылқоғадан жұмыс сұрап келеді.

Оны қабылдаған сол кездегі газеттің жауапты хатшысы Қабижан Сағиев құжаттарды аударыстырып отырып: – М-мм… Сенің сол өңірдегі Қайыр Сегізбаевқа туыстығың жоқ па? — деп сұрайды. – Ол кісі – менің папам! — дейді Зейнегүл тақ етіп. Қабекең алдында отырған жап-жас қыздың оның немересі екенін сезсе де, әрмен қарай тәптіштеп сұрамайды. Не керек, сол күні Зейнегүл жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданады. Жастың аты – жас, кім қайда жұмсаса д а , ш ау ы п ке т ед і . Ұ ж ы м басшылығы күні кеше ғана қ ы з м е т к е қ а б ы л д а н ғ а н қыздың тапсырылған жұмысқа ө т е ж а у а п к е р ш і л і к п е н қарайтынына, берілген тапсырмаларды сапалы әрі тез орындайтынына, бір сөзбен, т ы н д ы р ы м д ы л ы ғ ы н а к ө з жеткізеді. Ақыры редак — ция алқасы өзара ақылдасып, оны көтерер жүгі ауыр сала – т е л е т а й п қ а қ о я д ы . О л п а рт и я н ы ң ко н ф е р е н ц и я , съездері жиі өтетін, саяси хабарлар мен ақпараттардың үздіксіз ағылып келіп жататын кезі болғандықтан телетайпшының сауатты, жедел болуы маңызды. Ал, Зейнегүл осы сұранысты толығымен қанағаттандырып, б а с ш ы л а р д ы ң о й ы н а н шығады.

Телетайптың «ыстық желісінде» пысыған

Екі абонент арасындағы электромеханикалық баспа машинасы – телетайпты 1870 жылдары шетелдік инженерғалымдар ойлап тапқан екен. Тарихтан белгілісі, аталған желі кезінде КСРО мен АҚШ-ты байланыстырған. Екі ірі мемлекет арасындағы байланыс біртебірте бірнеше елге, республикаға, облыстарға тараған. – Күн демей, түн демей, жедел жеткен саяси хабарлар мен мәліметтерді лезде редакция басшысына жеткізуші едік. Әрине, қалай келді солай емес, мәтіннің бүкіл қатесін түзетіп беретінбіз. Жұмыс өте жауапты еді. Әсіресе, Орталық комитет пен Саяси бюро мүшелерінің аты-жөндерінен, лауазымдарынан қате кетіп қалмауы маңызды болатын. Бертін келе, өткен ғасырдың аяғына қарай, өмірімізге факс, компьютер, интернет ене бастады. Осылар біртіндеп телетайпты ығыстырды, — дейді тәжірибелі телетайпшы Зейнегүл. Ол ішкі қажеттіліктерге қарай газет бетінің қатесін қадағалайтын корректор, тіпті кассирлік қызметті де атқарады. Редакциядан өзіне жақын құрбысындай болған сырлас апалары – Нұрбике, Бағзай, Кенжені табады. Жасы үлкенді аға, апа деп құрметтеп, өзінен кішілерге сыйлы әпке бола біледі.

«Әй, бала, бері қара!..»

Ө з м ү д д е с і н е н ұ ж ы м м ү д д е с і н жо ғ а р ы қ оя т ы н Зейнегүл қандай қызметте жүрсе де, бәрін адал атқаруға ұ м т ы л д ы . Қ а же т же р і н д е өзінен кейінгі сіңлілеріне ақылкеңесін де аямады. Тек оның өзіне ғана тән: «Әй, бала, бері қара!..» деген бір ауыз сөзінен сескенетіндер де жоқ емес-ті. Сонысына қарап кейбір інісіңлілерінің «апайдың мінезі қиын», «ұрсатын сияқты» дейтіндер де болмай қалмайтын. Біздіңше, мұндай мінез ол кісіде үлкендердің бауырына басқан баласы болғасын қалыптасқан. Атасы мен әжесін «папамама» деп атап кеткен Зейнегүл ө з і н і ң т у ғ а н ә ке — ш е ш е с і Сағынғали мен Қоңыршаны аға-жеңге сіндей с е зінген. Қайыр папасы Орынбордан дәрігерлік білім алып келіп, халқын түрлі ауру-сырқаудан емдеген Ақшелек-Буракөл өңіріндегі алғашқы атышулы дәрігер болса, Ақжан мамасы – талай нәрестеге «кіндік шеше» атанған медбике. Екеуі тұңғыш немере сі Зейнегүлге шаң тигізбей, мектепке барғанша арқалап жүріп өсіреді. Көңілге медет тұтары, ақжелеңді Қайыр қарт өмірден өтсе де, есімінің көшеге берілгені.

«Апа, куәлігіңізді бересіз бе?..»

Қазақ қашаннан тұңғыш немерені ерекше көреді. Бар тәттіні соның аузына тосып, жақсыны соған кигізеді. Үйдің үлкендерінен осынша құрмет көріп өскен баланың мінезқұлқында өзгешелік болса, оны түсіну де қиын емес, әрине. Бірде Зейнегүлге ауылдағы інісі телефон шалып: – А п а , т у у т у р а л ы куәлігіңізді бересіз бе? — деп сұрайды. – Оны не істейсің? — дейді апасы зілді үнмен. Сөйтсе, туған анасы зейнеткерлікке шығайын деп, балаларының құжаттарын жинастырып жатыр екен. Бұл туралы Зейнегүлдің өзі: «Менің өзімнен сұрауға шешесінің батылы жетпей, баласынан сұратып тұрғанын қарашы!» — дейді.

* * *

Иә, зымыраған уақытқа айтар уәж жоқ. Кезінде редакция есігін имене ашып, табалдырығынан қысыла аттаған өрімдей қыз бүгінде құрметті еңбек демалысында. Отыз жылдан астам уақыт жасаған еңбектің зейнетін көріп отыр. – Ұжым – еңбеккердің екінші үйі. Сондықтан, оның жанға жайлы болғаны абзал. Мен балаң кезден облыстық газет редакциясындай тату да тағылымды ортаға кезіккеніме қуанамын. Бір ғасырдан бері облыс айнасы болып келе жатқан «Атырау» газеті редакциясына, жалпы «Атырау-Ақпарат» ұжымына тек жақсылық тілеймін! — деді ол әңгімесінің соңында. Ал, біз еңбек кітапшасында бір ғана мекеменің аты жазылған әріптесімізді адалдық пен шынайылықтың символындай көреміз. Мереке құтты болсын, Зейнегүл Қайырқызы!

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button