Қайталанбас кадрлар: Елорда туралы ерекше ролик түсірілді (+ВИДЕО)

3276433 ATR.TV

ҚР Президентінің Телерадиокешені Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай бейнеролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалық сайлаған тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. ҚР Президентінің Телерадиокешені «Елбасы арманы – елорда» атты бейнероликті ұсынады», – делінген Телерадиокешеннің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фильмде елорданың барлық қайталанбас сұлулығы құс ұшар биіктіктен ғажайып кадрларда бейнеленген. «Өз туындысының табысты боларына бір адам ғана сенді – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісіге жаңа қаланың пайда болу идеясы ғана емес, Қазақстан тәуелсіздігінің жылнамасындағы ұлттық мақтаныш пен жарқын беттерге айналған астананы салу ұмтылысы да тиесілі», – деп жазылған парақшада.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз