
Қазақстанға халықаралық экспедиция келді: ол қай қалаларға барады?
«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Қазақстандағы бағдарламасын Ақтөбе облысынан бастады, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ақпаратынша, «Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Мәскеу қаласынан басталған. Екі ай ішінде қатысушылар 8 мың шақырымнан аса жол жүріп, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі 30 қалаға барады.
Бағдарламаның алғашқы күнінде қатысушылар Ақтөбе қаласында болып, өңірдің мәдениетімен, дәстүрімен танысты. Делегация құрамы Мартөк ауданындағы панто-емдік санаторийге барып, табиғи емдік ресурстар мен сауықтыру туризмі бағытындағы мүмкіндіктерге қанықты.
Келесі күні экспедицияның ресми ашылу рәсімі өтті. Қатысушылар этномәдени іс-шараларға қатысып, этноауыл экспозициясын аралады. Сондай-ақ киіз үйдің сәулетімен, салт-дәстүрмен, қолөнер бұйымдарымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.