“Ел болашағы үшін таңдауымды жасадым”

screenshot 8 7 Жаңалықтар

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі композитор Ілия Жақанов ауа райының қолайсыздығына қарамастан отбасымен бірге №7 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Танымал тұлға осы күнге дейін бір де бір сайлаудан қалып көрмеген екен.

 –Осы саяси науқанда біз бүгінгі күніміздің, ертеңгі болашағымыздың дамуы, жан-жақты өркендеуі жолында бүкіл елдің, өзіміздің, халқымыздың бақыты үшін жауапкершілікпен қызмет ететін кандидатты таңдау үшін сайлауға келіп, дауыс бердік. Бұл шараға мызғымас бірліктегі ынтымағы зор қоғам болып қатысып жатырмыз. Қазақстанның жарқын, сәулелі, шуақты ел болуына шын жүректен тілеулеспін. Сол үшін жасыма қарамастан учаскеге келіп, таңдауымды жасадым. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді ақсақал.

№7 сайлау учаскесінің төрағасы Айбарша Абдрахманованың айтуынша, учаскеде 2916 дауыс беруші тіркелген. Жергілікті уақытпен 11.00-ге дейін 100-дің үстінде тұрғын дауыс беріп, өз таңдауларын жасаған.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз