Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы өзгеріске ұшырайды

коммуналдық қызмет2 Жаңалықтар

– Ендігі уақытта елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысы «Бір үй- бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» қағидасымен жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

коммуналдық қызмет2

Бүгінде тұрғын үйді басқару ашықтығы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы заңнама Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Министрліктің бұйрығымен 55 адамнан тұратын жұмыс тобы аталған заң жобасының 3 кодексі және 12 тармағына өзгеріс енгізді. «Бүгінгі күні елімізде аталған қызметтің толығымен ашық болмауына, тұрғындардың көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету сапасына көңілдерінің толмауы бойынша проблемалар бар екені жасырын емес. ПИК-ке сенімнің төмендеуіне байланысты, пәтер иелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат жинауға құлқы жоқтығыда байқалады. Сонымен қатар, қазіргі кезде ПИК көп үйге қызмет көрсететіндіктен барлық үйге бір шот ашады, бұл да жиналған қаражаттын мақсатты пайдалануын бақылауға мүмкіндік бермейді. Жаңа заң жобасының негізгі ұсынысы – көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін «бір үй-бір мүліктін меншік иелерінің бірлестігі – бір шот» принципі бойынша жұмыс істейтін «мүліктің меншік иелерінің бірлестігі» жаңа коммерциялық емес ұйымын құру», -деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті директорының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, егер тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны оннан аспаса, меншік иелері заңды тұлға құрмай тікелей бірлесіп басқаруына (серіктестік) жол беріледі. «Жергілікті атқарушы орган өзінің сайтында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай ақпараттық жүйесінде құрылтай жиналысын өткізу туралы хабарламаны орналастырады. Тұрғын үйдің пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншiк иелерінің бірінші жиналысымен мүліктің меншік иелерінің бірлестігін тіркеу туралы шешімді қабылдау және оның атқарушы органның бірінші құрамын сайлау туралы құрылтай жиынын өткізеді. Сәйкесінше тұрғындар арасынан төраға/басқарма және үй кеңесі (тексеру комиссиясы) сайланады. Құрылтай жиналысының қорытындысы бойынша құзырлы органдарға «мүліктің меншік иелерінің бірлестігі» жаңа коммерциялық емес ұйымын құру туралы өтінішпен қоса хаттама тапсырылады», – деді ол. Жаңа заң жобасындағы өзгерістерге сәйкес ел аумағында 190 көппәтерлі тұрғын үй, 28 ПИК және 51 табиғи монополия субъектілері іріктеліп алынып, пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылуда. Министрліктің дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жалпы саны 78 657 бірлікті құрайды, оның ішінде 54 808 үй немесе 69,7% қанағаттанарлық жағдайда. Күрделі жөндеуді талап ететін үйлер саны 19 639 құрайды немесе 25 %. Апат жағдайдағы 1 383 үй бар пайыздық көрсеткіші 1,8%.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз