Қазақстанға 80 тоннадан астам дәрі әкелінеді
Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
— Бүгін Алматы қаласына дәрі-дәрмектің бірінші рейсі келді. Және бүгін екінші ұшақ келеді. Яғни, бұл жалпы салмағы елу тонна препарат. Жеткізілген дәрі-дәрмектер бірінші кезекте коронавирус инфекциясын емдеуге бағытталған. Дәрі-дәрмектер ертең, арғы күндері барлық аймақтарға таратылады. Сенбі күні 35 тонна дәрі Делиден (Үндістан) жеткізіледі.
Сондай ақ, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы Өзбекстаннан дәрі жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл дестрибюторлық компаниялар арқылы дәрі жеткізу мәселесіне байланысты. Қазіргі таңда Атырау облысында дәрі-дəрмекпен қамту 94 пайызды көрсетіп отыр. Бұл жағдай бақылауда болады, — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.