Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады

Елімізде 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күндеріне өзгерістер енгізілді. Республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес, 5 қаңтардағы жексенбі күнгі демалыс 3 қаңтарға ауыстырылды.

Аталған министрліктің хабарлауынша, бұл өзгеріс аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтарға 2025 жылдың 1-4 қаңтары аралығында төрт күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді. Ал аптасына алты күн жұмыс жасайтын азаматтар үшін демалыс 1-3 қаңтар күндерін қамтиды.

Министрлік бұл шешімнің жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және тұрғындардың демалыс жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button