karantin

Өлім кесімі: әлем елдерінде карантин талабын бұзғандар қатаң жазалануда

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Әлем бойынша карантин режимін бұзғандар қатаң жазаланып жатыр. Бүгінгі таңда коронавирус әлемнің 199 еліне тарады.

Қазақстанда карантин талаптарын бұзғандар 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 26 510 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

АҚШ-та карантин режимін бұзғандар 100 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді. Немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Қытай карантинде бола тұра көшеге шығып жүргендерді өлім жазасына кесуді ұйғарды.

Германия арнайы режимді бұзғандарға 200–5 000 евро айыппұл салады. Режимді қайта бұзғандар тағы да 3 700 евро төлеп, 6 айға дейін бас бостандығынан айрылады.


Үндістан 10 мың рупий (133 мың доллар) көлемінде айыппұл салады. Және құқық бұзушы сауыққаннан кейін 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.


Италия карантин режимін бұзған азаматтарына 400 – 3 000 евро көлемінде айыппұл салып жатыр. Вирус жұқтырғаны растала тұра, көшеде жүргендер 1 – 5 жыл аралығында түрмеде жазасын өтейді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған