whatsapp image 2020 10 21 at 18.24.02

Атырауда балық қорғау заңнамасын бұзған 1886 іс анықталды

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Құқық

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынған.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы мәлімдеді.

  • Балық ресурстарын сақтау мақсатында полиция және шекара қызметінің күшімен браконьерлікпен күреске бағытталған іс-шаралар күн сайын өткізіледі. Сол жұмыстардың нәтижесінде осы жылы өңірде балық қорғау заңнамасын бұзған 1 886 факт анықталды. Оның ішінде 1 050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 қылмыстық іс қозғалды.
  • Сондай-ақ, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион 724 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, – деді Артур Сәдібекұлы.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 10 21 at 18.24.02 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған