Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстандықтар табыстың 1 пайызын ұялы байланысқа жұмсайды

International Telecommunication Union ұйымы Орталық Азия елдерінің ұялы байланысқа жұмсайтын шығыны жайлы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды inform.kz

«International Telecommunication Union (ITU) мәліметінше, Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы мобильді байланыс ең қолжетімді саналады. 2021 жылы қазақстандықтардың ұялы байланысқа жұмсаған шығынын тариф бойынша есептегенде жан басына шаққандағы ұлттық табыстың (ЖҰӨ) 1,04%-ына тең екені анықталды. Ал интернет жылдамдығы Қазақстанға қарағанда баяу деп есептелетін Қырғызстанда мобильді байланыс шығыны жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 3,11%-ына тең болған. Өзбекстанда бұл көрсеткіш 1,14% болса, Түрікменстанда — 1,17%, Тәжікстанда 3,02%», — деп жазылған сараптамада.

Бұл тұрғыдан алғанда Орталық Азия елдерінің ұялы байланысқа жұмсайтын шығындары қарайлас, ал қазақстандықтар ең аз шығын жұмсайтын ел болып көрінеді.

Дегенмен, бұл елдердің жан басына шаққандағы кіріс мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық бар.

«Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтардың жан басына шаққандағы ұлттық табысы 8720 доллар болған. Ал Қырғызстанда бұл көрсеткіш 1180 доллар, Өзбекстанда 1960 доллар, Тәжікстанда 1150 доллар болған. Түркіменстандықтардың 2021 жылғы жан басына шаққандағы кірісі туралы ресми мәлімет жоқ», — деп жазады Finprom.kz.

Яғни, қазақстандықтардың тариф бойынша ұялы байланысқа жұмсайтын шығыны — жан басына шаққанда 90,6 доллар, өзбекстандықтардың шығыны — 22,3 доллар, қырғызстандықтардыкі — 36,6 доллар, Тәжікстан халқының шығыны — 34,7 доллар болады.

«Қазан айында Қазақстанда мобильді интернеттің медиандық жылдамдығы 22,41 Мбит/с-ке дейін өсті. Speedtest Global Index мәліметтері бойынша, Орталық Азиядағы көрші елдерде мобильді интернеттің орташа жылдамдығы Қазақстандағы көрсеткіштен едәуір төмен. Қырғызстанда бұл көрсеткіш 20,92 Мбит/с, Өзбекстанда 15,22 Мбит/с, Тәжікстанда 8,01 Мбит/с. Жылдың 10 айында Қырғызстан мен Өзбекстанда мобильді интернет жылдамдығы өссе, Тәжікстанда, керісінше, төмендеді. Түрікменстанда қазан айындағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы туралы деректер белгісіз. Бірақ мамыр айындағы соңғы мәлімет бойынша ол 4,98 Мбит/с болған. Жалпы әлем бойынша мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бір жыл ішінде 2022 жылдың қазан айында 33,43 Мбит/с-қа дейін өсті», — деп жазылған сараптамада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button