Екпеден бас тартқандар бар-жоғын Атыраудың бас дәрігері айтып берді

whatsapp image 2021 02 01 at 21.33.00 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны жүргізілуде. Бірқатар азамат оны құптаса, кейбіреуінің күмән-күдігі басым. Десек те, жаппай эпидемиядан сақтанудың жалғыз жолы – вакцина. Өйткені, әлемде бұдан басқа әдістің табыла қоймағаны рас. Сондықтан, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевпен жедел сұхбат жүргіздік.

– Асхан Мархабайұлы, облыста халыққа жоспарланған вакцинациялау жұмысы қалай жүргізілуде? Екпені алғашқылардың бірі болып сіз де алдыңыз, жағымсыз әсері болды ма?

– Облысқа 1 ақпанда «Спутник V» немесе «Гам-КОВИДВак» вакцинасының 1000 дозасы әкелінді. Бұл республикалық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес өз деңгейінде жүріп жатыр. Алдымен медицина мамандарына салынды. Екпені алғашқылардың бірі болып, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Бақытгүл Хаменова бастап алды. Сосын облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және басқарма басшысы ретінде мен, облыстық ауруханалар мен емханалардың басшылары, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшылары алды. Ең алғашқы күні 140, келесі күні 170, одан кейінгі күндері 215 және 155 сала қызметкері вакцинамен қамтылды. Бүгінде облыс бойынша барлығы 800-дей медицина маманы және облыс, аудан әкімдерінің орынбасарлары екпе салдырды.

Екпе алғандардың бәрінің жағдайы қалыпты. Жағымсыз әсері не ауырсыну болған жоқ. Одан бас тартып жатқандар да тіркелмепті. Облысқа жеткізілген 1 мың доза 1000 адамға есептелген. Жарты жылға жарамды екпенің қалған бөлігі ақпанның ортасында жеткізілуі тиіс. Осылайша жыл соңына дейін жалғасады. Қазір мекемелерге вакцинаға арналған арнайы мұздатқыштар алынды.

– Дәрігерлердің айтуынша, екпе ағзаны коронавирустан 1 жылға дейін қорғайды екен. Сонда вакцинаны жыл сайын алып тұру керек пе?

– Нұсқаулыққа сәйкес, екпе азаматтардың 8 санатына салынады. Олар – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, учаскелік полицейлер, студенттер, медициналықәлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері. Бұл тізімге төтенше жағдайлар, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен созылмалы аурулармен тіркелгендер бар. Вакцина 2 компоненттен тұрады. Бірінші компонентін алғандар міндетті түрде 21 күннен кейін екіншісін де алуы керек. Әзірге екпені жыл сайын алып тұру жөнінде нұсқаулықта ештеңе айтылмаған.

– Қазір облыстағы №2, модульдік ауруханалардағы эпидемиологиялық ахуал қалай? Вируспен бетпе-бет күресіп жатқан дәрігерлердің с а у л ы ғ ы н с а қ т а у д а ғ ы жұмыстар, науқастардың жағдайы жөнінде білсек…

– О б л ы с т а 1 9 3 3 и н ф е к ц и я л ы қ т ө с е к – о р ы н жасақталған. Оның ішінде ж а н с а қ т а у б ө л і м і н д е 71 кереует бар. Ең үлкен денсаулық сақтау мекемесінің бірі – облыстық №2 және оның бөлімшесі болып табылатын модульдік аурухана. Қазір онда ем қабылдап жатқан 65 науқастың 7-еуі – жансақтау бөлімінде. Вирус жұқтырудың ең қауіпті бөлігі саналатын «қызыл аймақтағы» науқастармен бетпе-бет келіп, медициналық көмек көрсету, әрине, ақ халаттыларға да оңай емес. Сондықтан, олар үшін сақтық шаралары жан-жақты қолға алынып отыр. Медицина мамандары міндетті түрде жеке қорғаныш құралдарын киеді. Әрбір 6 сағат сайын демалып, ауысыммен жұмыс жасап жатыр. Олардың демалысын және жұмысқа дайындалуын қамтамасыз ету мақсатында былтыр сәуір айынан бастап «Шағала» қонақ үйі дайындалды. Олар жұмыс пен қонақ үйдің арасына арнайы көлікпен тасымалданып отыр. Қ а з і р и н ф е к ц и я л ы қ стационардағы қызметкерлер а р а с ы н д а ж ұ қ п а л ы д е р т тіркелген жоқ.

– Қазір өзге облыстард а м е к т е п о қ у ш ы л а р ы а р а с ы н д а ғ ы ж а ғ д а й м ә з емес. Ал, Атырау облысында бұл көрсеткіш қандай? Мектептерде кезекші сыныптар санын көбейту ахуалды одан әрі ушықтыра түспей ме?

– Ә р и н е , б і з қ а з і р балалардың саулығына ерекше алаңдаулымыз. Бірақ әзірге облыста балалар арасында қауіпті кесел тіркелген жоқ. Ал, мектептегі кезекші сыныптар санының көбеюі облыстың бас мемлекеттік с а н и т а р л ы қ д ә р і г е р і н і ң қаулысымен реттеліп отырады. Мектеп оқушылары мен студенттер ара қашықтықты және бір реттік бетперде кию қағидаларын қатаң сақтағаны ж ө н . Ә й т п е с е , ау ру а д а м таңдамайтынын өткен жаздағы ахуал көрсетті ғой. С е н і м с і з д і к т а н ы т ы п , түрлі қауесет таратқандардың қаншасы төсек тартып жатты. Еш ауруы жоқ адамның басаяғы бірнеше күнде қайтыс болып кеткенін көрдік қой. Сондықтан, бұған ерекше тәртіп пен талап болғаны жөн. Денсаулық адамның өзі үшін керек.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз