Жаңалықтар
Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?
Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, яғни, дүйсенбіге келіп тұр. Оразадан 70 күннен кейін тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген.
Сәйкесінше, қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.
Айта кету керек, құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар.