Ардагерлер оқушыларды тарихи орындарға апарды

FNeCcIBzpU8 Білім

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болатынын айтады.

FNeCcIBzpU8

«Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың Ардагерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Құлсары қаласы бойынша филиалы ардагерлері ауданымыздағы №8, №18, №4 мектеп оқушыларын Жем ауылдық округіндегі тарихи орындарға апарды. Атап айтсақ, 18-ғасырда өмір сүрген Жаңабай батыр кесенесі, кезінде мешіт ұстап бала оқытқан, Кеңес үкіметі кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Жареке хазіреттің мешіті, Ұлы Отан соғысының батыры Есқайыр Халықовтың мазарында болды. Ардагерлер оқушыларға аталған тұлғалар туралы әңгімелеп, ескі мешіттің тарихымен таныстырды.

xLpRHTydOIQ

– Дамудың жаңа кезеңінде, алдымен, ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз, тарихымыз мен мәдениетіміз сақталуы керек. Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатының түйіні осыда. Патриоттық шара алдағы уақытта аудан, қала, ауыл әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп жалғасын табатын болады, – дейді филиал төрағасы Нұрберді Төлеуғожин.

 Қайрат ДҮЙСЕНБЕТОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз