
Жаңалықтар
Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады
Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды.
Биылғы Құрбан айт мейрамы 28 маусым, сәрсенбіге түсіп тұр.
Бұл кезде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым күндері жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. 29, 30 маусым күндері қайта жұмыс істейді.
6 күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.
Осылайша, маусымда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 9 демалыс, ал 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 5 демалыс күні бар.