
Жаңалықтар
Қазақстандағы алғашқы АЭС: технология жеткізушілер іріктеуі аяқталды
Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясына (АЭС) технология ұсынатын компанияларды іріктеу кезеңі аяқталды.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, финалистердің қатарында Ресейдің мемлекеттік «Росатом» корпорациясы, Оңтүстік Кореяның KHNP, Францияның EDF және Қытайдың CNNC компаниялары бар.
Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, аталған төрт компаниямен бәсекелі диалог жүргізілген. Ендігі кезекте жобаны жүзеге асыратын нақты жеткізушіні немесе консорциумды Ведомствоаралық комиссия анықтайды.
Ведомство өкілдері шешім Қазақстанның ұлттық мүдделері негізінде қабылданатынын ерекше атап өтті.
Қ.ШӘКІРОВ
Сурет: aqshamnews.kz