Қолжазба сыры

олжазба сыры Жаңалықтар

Шіркін, жастық шақ! Көкейде сан арман, сан тілек, сан мақсат… Мектеп-анамен қимай қоштасқан біз жетпісінші жылдары кең байтақ Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінен білім іздеп, ару Алматыға барған едік.               __олжазба сыры

Институт қабырғасында бес жыл бойы құлын-тайдай тебісіп өскен, бірге жүріп, бірге тұрған асыл да аяулы достарымыз-ай! Менің есімнен өмірмен тым ерте қоштасқан досым Есен Мақуов бір сәт те кетпейді. Ол Атырау мұнай өңдеу зауытында қызмет атқарып жүрген кезінде қайғылы қазаға ұшырады. Жас ұлғайған сайын Есенмен бірге өткізген студенттік шақ, бірге көрген қызықтар – бәрі-бәрі кино шежіредей көз алдымнан сырғып өтіп жатады…

Осынау сағыныш сезімі жаныма бата берген соң,   сонау 1973 жылдары жан жолдасымның өз қолымен жазған өлеңін алып, оның туған жері – Атырауға келдім. Облыс пен қала аттас облыс айнасының редакциясын тауып, хат бөліміне бас сұқтым. Келу себебімді түсіндірдім. Тілшілер мені жылы қабылдады. Оларға Чкалов атындағы Орск мұнай өңдеу зауытында қызмет атқарып жүрген кезде, жаңа жыл қарсаңында тұңғышым Ақмаралдың өмірге келгенін, сол қуанышқа Есеннің де қатысқанын, өз қолымен осы арнау өлеңін жазып қалдырғанын асықпай әңгімелеп бердім. Көзімнің қарашығындай   сақтаған досымның қолжазбасы 44 жылдан соң жарыққа шығып тұр!

Мұндағы мақсатым – Есеннің аруағы разы болып, немерелері, бала-шағасы және ағайын-туыстары оқып, бір сәт оны сағынышпен естеріне алсыншы деген ой.

Әлімбай ШЕРМАХАНОВ,

 ҚР кәсіподақ саласына еңбегі сіңген қызметкер,

Шымкент қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз