Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда жол сапасын бақылайтын жаңа жүйе енгізілді

Қазақстанда автомобиль жолдарының сапасын тиімді бақылауға мүмкіндік беретін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.

img 1951


Жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген. SRDS – жасанды интеллектке негізделген жол диагностикасы жүйесі, ол жол жабындарындағы ақауларды автоматты түрде анықтап, олардың нақты өлшемдерін есептей алады.

Министрліктің мәліметінше, SRDS-тің көмегімен әр 100 шақырым жолға қатысты деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарған. Бұл өз кезегінде жолдарды тексеру процесін жеделдетіп, шешім қабылдауды жылдамдатады.

Диагностика жұмыстары арнайы жабдықталған жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі. Жыл сайын жүйе көмегімен 15 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдар, 5 мың шақырым жергілікті жолдар қамтылады.

Жүйе арқылы алынған мәліметтер жолдарды жөндеу және қайта жаңғырту шешімдерін қабылдау кезінде негізгі дереккөз ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, SRDS жол қауіпсіздігін арттыруға, жобаларды тиімді жоспарлауға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

SRDS жүйесі – цифрлық технологияны жол инфрақұрылымына енгізу арқылы саланың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button