Мәсіхшілер жазаға тартылды

 Осыдан бес жылдай бұрын Атыраудағы мәсіхшілердің сексен пайызға жуығының қазақтар екені туралы мақала жазған едік. Жақында сол мәсіхшілер, яғни «Новая жизнь» (жаңа өмір) ағымының ұстанушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының мәліметіне қарағанда, Б.Ж. пен А.Р. дәмханада ағым мүшелерімен кездесіп, уағыз жүргізген. Белгілі болғанындай, діни шара 17-сәуір күні Атырау қаласындағы «Керемет» дәмханасында түс мезгілінде болған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтардың екеуі де протестанттық бағыттағы «Новая жизнь» ағымының мүшесі екендігін жоққа шығармайды. «Бірақ, біздер саңыраулар қоғамындағы достарымызбен кездесіп, отбасы, елдегі жаңалықтарды талқыладық. Сөз арасында Библияға түсінік бердік» дейді олар. Ал, облыстық дін істері басқармасының өкілдері діни шараның заңсыз өткендігін алға тартады. Тараптарды тыңдаған сот «аталған азаматтар ұйым мүшелерімен кездесуді діни ғимараттан тыс жерде өткізу арқылы, «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 2-бөлім, 7-бабын бұзды» деп танып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды.

Б. АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз