Жангелдин ауылына қауіп жоқ

img 20240331 wa0168 Жаңалықтар

Қызылқоғадағы Жангелдин ауылдық округі Миялы селосымен шектеседі. Ауыл әкімі Амангелді Бағдаровтан білгеніміздей, көктемгі су тасқынына байланысты дәл қазір елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

-Ауылда 4 шақырым бөгет салынды. Үш күннен бері су оның жартысына ғана келіп тұр. Әлі де дамбы соғу жұмыстары жүріп жатыр, – дейді ол.

Сонымен қатар, бүгінге дейін топырақ салынған 2000 қаппен бөгет соғылған. Бұл жұмыстарға 1 трактор, 3 КамАЗ, 150-ге жуық ерікті жұмылдырылған.
Рита ӨТЕУҒАЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз