
Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа министрлік құрылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы қаулыға қол қойды.
Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта ұйымдастырылып, жаңа ведомствоға айналды.
Ал Ғылым және жоғары білім министрлігіне инновациялық қызметті үйлестіруге қатысты бірқатар функциялар берілді.
Үкіметке мемлекеттік органдардың құрылымын жаңа жағдайда тиімді жұмыс істеуге бейімдеу тапсырылды.
Мемлекет басшысының бұл шешімі елде цифрландыру үдерістерін жеделдетіп, жасанды интеллект технологияларын дамытуға тың серпін бермек.
Қ.ШӘКІРОВ