
Жаңалықтар
Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексеріледі
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда орын алған авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатты. Бұл туралы республика Көлік министрлігі хабарлады.
Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі.
Сондай-ақ жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі.
Сурет: ortcom.kz