
ЖаңалықтарЭкология
Қазақстанда қатты ыстық болады
Atr.kz/10 шілде, 2019 жыл. Синоптиктер 11-13 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынына болжам жасады.
«Шілденің ортасына қарай жаздың ең ыстық кезеңі басталады. Алдағы үш күнде күн райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз сынап бағаны 30-38°С, кей жерлерде тіпті 40…43°С-ты көрсетеді. Бұл көп жылдық орташа мәннен жоғары», — делінген Қазгидромет хабарламасында.
Синоптиктердің айтуынша, тек батыс өңірлерде ғана жаңбыр себелеп өтуі мүмкін, сонда да басқа өңірлердегі сияқты күн қатты ысиды.