Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда онлайн-казинолардың қара тізімі жаңартылды

Бүгін, 28 қазанда республика Туризм және спорт министрлігі жаңа мәлімдеме жасады. Ведомство ойын бизнесімен айналысуға лицензиясы жоқ ресурстар тізімінің жаңартылғанын жариялады, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram арнасының хабарлауынша, тізімде онлайн-казино белгілері бар 1 820 бірегей мекенжай бар.

Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды.

Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді.

Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.

Анықталған ақпарат «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.

Сурет: egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button