Атырау облысында жыл басынан бері 174 адам құтқарылған

1464690482 l Жаңалықтар

Атырау облысында жыл басынан бері төтенше жағдайдан 174 адам құтқарылды. Ал, 104 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Мереке Пішембаев Атырау облысының тұрғындарымен онлайн кездесуде мәлім етті.

«Атырау облысындағы ахуал тұрақты. Жыл басынан бері төтенше жағдайлар саны 15,1%-ға төмендеді. Осы кезеңде 246 жағдай тіркеліп, қаза тапқандар саны 25%-ға азайды. Облыстық департаменттің қызметкерлері 1 400-ден астам шақыртуға барды. Төтенше жағдай сипатындағы оқиғалардан 174 адамды құтқарып, 104 адам қауіпсіз жерге эвакуациялады», -деді Мереке Пішембаев.

Биылғы 1 қазаннан бері 71 265 тұрғын үй есепке алынған. Оның ішінде әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы отбасылар тұратын 2 001, ескірген 239 үй бар.

Жылыту маусымы басталғаннан тұрғын үйлерге 21 газ датчигі орнатылған.

Сондай-ақ, 1 860 гектар аумақта 5 орман өрті тіркелген Бұұл былтырғы жылмен салыстырғанда 28%-ға аз.

«Қазір Атырау облысында 14 мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылған 11 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтерінің құрамына 1 057 адам мен 295 техника тартылып отыр», -деді Мейрам Пішенбаев.

фото: massaget.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз