Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың қашан сейілуі мүмкін екені айтылды

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Қазақстандағы коронавирустың тарау мерзімі сәуірде аяқталуы мүмкін.

Мұндай болжамды бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорда қаласында өткен брифингте айтты.

Және де оның пікірінше, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 3500 адамнан аспауы мүмкін.

«Біз науқастар саны 3 500 адамнан аспайды деп үміттенеміз. Бұл болжам алдағы үш айға жасалып отыр. Сәуірде вирустың тарау жылдамдығы тоқтайды деген үміт бар» деп нақтылады министр.

Еске сала кетелік, бүгіннен бастап Атырауда карантин жарияланды. Атырау қаласына төрт блок пост орнатылды.

Еліміздегі көптеген қалаларда жаппай шектеу орнатылып жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-ornatyl%d2%93an-blok-posttarda-t%d2%afsirilgen-al%d2%93ash%d2%9by-video-pajda-boldy-video/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button