Атырауда бір күнде 300-ден астам жол жүру қағидасы бұзылды

2021 01 30 crop 3 4 381x604 a6024a5b f50a 4f59 a2d2 b2937df0ce15 Жаңалықтар

27 наурыз және 10 сәуір аралығында облыс аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздікті нығайту бағытында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты кең ауқымды акция өтуде.

Акцияның бір күнінде жол жүру қағидаларын бұзу бойынша барлығы 367 факті тіркеліп, оның ішінде:

– жаяу жүргіншілер өтпесінен өту қағидасын бұзу – 24;

– қиылыстарды өту қағидасын бұзу – 17;

– балаларды тасымалдау ережелерін бұзу – 28, оның ішінде автобустардың алдыңғы орындықтағы балалар орындығын қолданбау – 12;

– жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегімен 33 факті тіркеліп, тиісті іс-құжаттар жинақталды.

Айта кетейік, аталған акция 10 сәуірге дейін жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз