Қазақстанда коммуналдық қызметтер қымбаттайды

7fd72216f4f447d39f3ce2db8dceb6c6 1682317652 Жаңалықтар

Қазақстанда жаз айларында электр мен жылу энергиясы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, биыл электр энергиясының тарифі шілде айынан бастап көтерілмек.

«Кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін», – деді Ә.Қуантыров Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда жылудың жаңа тарифі жаңа жылу беру маусымынан басталады. Тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі болады.

Ведомство басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеп жүрген адамдардың жалақысын көтеру керек екенін айтты. Себебі бұл салада жалақы аз болғандықтан, мамандар жұмыстан кетіп жатыр.

Министр еліміздің аумағында жылу беру желілері 85 пайызға дейін тозғанын айта келе, бұл саладағы мәселені шешу бағытында тарифті көтеру ескерілгенін жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз