Атырауда мемлекеттік қызметшілер тіл меңгеруден сынға түсті (ФОТО)

Изображение 013 1 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы Құрманғазы ауданында бір күндік көшпелі семинар ұйымдастырды. Оған 24 мемлекеттік қызметші белсене қатысты.

Изображение 013

Алдымен аталмыш орталықтың тілдерді оқыту бөлімінің меңгерушісі Ләззат Есенәлиева келу мақсаттарын түсіндіріп, семинар озық іс-қағаздар мен құжат айналымы саласындағы білімді жетілдіру бағытында өтетінін еске салды. Орталықтың мемлекеттік тіл пәні бойынша оқытушысы Гүлзада Хасанова «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Олардың қазіргі уақыттағы қолданылу аясы. Құжаттар толтырудың жалпы тәртібі» жөнінде қатысушыларға кең көлемде дәріс жүргізді.

Изображение 010

Аудандық орталықтандырылған кітапханада жалғасын тапқан көшпелі семинар «Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту» курсының тыңдаушыларына «Еnglish is around us» тақырыбындағы брейн ринг ойынына ұласты. Оны жүргізген орталықтың ағылшын тілі пән мұғалімі Өсергүл Мырзағалиева мемлекеттік қызметшілерді «Мемлекеттер» және «Тілдер» деп аталатын екі топқа бөлді. Ойында олардан ойлау қабілетінің жылдамдығы, зеректігі, алғырлығы, үш тілді қатар меңгеру деңгейі талап етілді. Бірнеше кезеңнен құралған интеллектуалдық сайыс соңында «Тілдер» командасы жеңіске жетті.

Изображение 021

Келесі кезекте «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Оны орталық оқытушысы Гүлзада Хасанова өткізді. Мақсаты – мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттырып, мамандардың осы бағытта біліктілігі мен тәжірибесін сараптау. «Кім жылдам?», «Үздік аудармашы», «Топ жетекшілерінің сайысы», «Тіл өнері», «Мәнерлеп өлең оқу» шарттарынан құралған додада «Білгірлер» мен «Алғырлар» тобы тең түсті.

Изображение 098

Байқау барысында аудандық орталықтандырылған кітапхананың сектор меңгерушісі Гүлайна Утепова «Тіл – ұлттың тұғыры» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Орталықтың тілдерді оқыту бөлімінің меңгерушісі Л.Есенәлиева шараны қорытындылап, сый-сияпаттарын ұсынды.

Изображение 099

Изображение 110

Айнагүл ШАКУПОВА,

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз