Қазақстанда көлік тіркеу тоқтатылғаны рас па?

12002519 Жаңалықтар

Atr.kz/5 қаңтар, 2020 жыл. Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты автокөлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру функциялары уақытша тоқтатылды.

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Facebook-тегі ресми парағында хабарланған.

«Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қарамағына берілді», – делінген мәліметте.

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеді.

«»Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз