Атыраудың кейбір аумақтарында екі күн бойына газ болмайды

istock 9381589561 d 850 Жаңалықтар

Атырау қаласында 27, 28 қыркүйекте  уақытша газ сөндіріледі, деп хабарлайды atr.kz 

Атырау облысы ТЖД-нің хабарлауынша,  Атырау қаласында диаметрі 325 мм жоғары қысымды газ құбырында жоспарлы жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты екі күнге — 27 және 28 қыркүйекте элеватордан бастап Дамба қала маңындағы кентіне дейін (вокзал маңы шағын аудандарын, ЖМК, қала орталығын, Жилгородок, балықшы және т.б. тұрғын үй массивтерін қоса алғанда) қаланың сол жағалау бөлігін газбен жабдықтау уақытша тоқтатылды.

Жөндеу және алдын алу жұмыстарына «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Каз Транс Газ Аймақ»АҚ қызметкерлері жұмылдырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз