Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Қазақстанда енді баланың қайда жүргенін «Bluetooth» арқылы анықтауға болады!

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

«Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл — баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша.

Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.

Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі» деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button