Жарнама
Жаңалықтар

30 маусымда «Мақат тынысы» оқырмандар арасында жеңімпаздарды анықтайды

«Мақат тынысы» газеті ертең, 30 маусым күні сағат 11.00-де оқырмандар арасында тікелей эфирде  ұтыс ойынын өткізеді, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Ертең «Мақат тынысы» аудандық газетінің Instagram парақшасында басылымға жазылған оқырмандар арасында ұтыс ойыны ойнатылады. 

Күндізгі сағат 11.00-ге дейін газетке жазылуға мүмкіндік бар. Жазылу бағасы — 1400 теңге. Оқырмандарды 10 тұрмыстық техника, атап айтқанда: ұялы телефон, шаңсорғыш, бу үтігі, “Asel” пеші, еттартқыш, чемодан, қысқатолқынды пеш, вафельница, блендер мен 30 мың теңгелік «Мечта» сауда үйіне 10 дана сертификат және басқа да ынталандыру сыйлықтары күтіп тұр.  Ал, ең басты сыйлықты редакция әзірге құпияда ұстап отыр.  

«30 маусым күні жеңімпаздарды Instagram парақшамызда тікелей эфир арқылы анықтайтын боламыз. Газетке редакциямызға келіп немесе +7 (778) 934-68-43, +7 (702) 163-27-10 байланыс нөмірлері арқылы онлайн жазылуға 

болады» дейді ұйымдастырушылар.   

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button