Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік саяси лауазым пайда болуы мүмкін

news full1633019978f23364856d1c4fa741170b9f37fd3530 Жаңалықтар

«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған Президенттің Жарлық жобасына сай, енді мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер қатарына мынадай жаңа лауазымдар енгізіледі:

– Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының сектор меңгерушісі.

Айта кетейік, енгізілуі мүмкін лауазымдар В-3 санатына жатады.

«Президент Жарлығының жобасы меритократия қағидатын табысты іске асыру, сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында әзірленді. Жарлық жобасымен Жоғары аудиторлық палатаның сектор меңгерушілерінің, сондай-ақ Төрағаның көмекшісі және кеңесшісі лауазымдарын лауазымдар тізіліміне тиісті өзгеріс енгізу жолымен В-3 санатына жатқызу ұсынылады. Жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды», деді Жарлық жобасына түсіндірме берген Жоғары аудиторлық палата.

Құжат 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз