186491536 440578573955652 2698295753778488670 n

АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жаңалықтар Мәдениет
8 / 100

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында баскетболдан 7-8 сынып қыздар арасында «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

«Барыс» балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының баскетбол бөлімінің жаттықтырушысы Ерлан Құрманғалиевтың айтуынша, аталмыш жарысқа Аққыстау орта мектебінің 7-8 сынып қыздар командасы қатысты. “Аққыстау орта мектебінің 7-8 сынып қыздар командасы алғаш жеңісті жолдарын мектепшілік,аудандық,облыстық кезеңдерден бастап республикалық лигаға қатынасу мүмкіндігіне ие болған еді. Республикалық жарыстың алғашқы топтық кезеңдерінде Ақтөбе, Қызылорда облысы қыздар командаларынан басым түсіп финалдық ойынға жолдама алды”, дейді ол.Айта кетелік, финалдық ойында Түркістан командасын ұтып жеңісті жолын жалғастырған оқушылар ақтық сында Павлодар командасынан 17:15 есебімен ұтылып жарыс қорытындысы бойынша 2 орынға ие болды. Бұл жетістік Атырау облысының ұлттық мектеп лига тарихындағы ең алғашқы жетістігі болып саналады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған