Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өседі

Жанар-жағармайдың ішкі нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Бұл туралы 3 сәуірде Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондықтан оның пікірінше, қиын, бірақ сонымен бірге қажетті қадам – шекті бөлшек бағаны көтеру керек, атап айтқанда:

АИ-92 және АИ-93 бензині үшін 182-187-ден (өңірге байланысты) литріне 205 теңгеге дейін (өсім 11%);

ал дизельдің бағасы литріне 295 теңге болады. Қазір аймаққа байланысты баға 230-260 теңге аралығында (орташа өсім 20%).

Тиісті бұйрық жобасы, министр атап өткендей, бүгін, 3 сәуірде жарияланады.

«Баға айырмашылығын қазір төмендетпесек, жақын арада жанармайдың жалпы тапшылығына тап боламыз. Оның үстіне бұл саланың одан әрі дамуына жолды жауып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді», — деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар, министр Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең төмен елдердің тізіміне енгізілгенін нақтылады.

Мысалы, Ресейде дизель отынының құны орташа есеппен литріне 345 теңгені құрайды, бұл 45 пайызға қымбат. Ал Қырғызстанда баға 64%-ға жоғары және 390 т/л құрайды, Өзбекстанда ол екі есе қымбат – 480 т/л (101%).

Бұл ретте Ақшолақов соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, дизельдік отын 30 пайызға өскенін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button