
Жаңалықтар
Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар
Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі – 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Осы есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Сонымен қатар құрамында «атом» сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:
— Атомжан — 2 адам;
— Атомбек — 6 адам;
— Атомвек — 2 адам;
— Атомтай — 1 адам.
Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте елімізде Референдум есімді адам жоқ.