Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда 883 ауылда интернет жоқ

Atr.kz/27 тамыз, 2020 жыл. Қазіргі уақытта Қазақстанның 4 646 елдімекенінде кеңжолақты интернет қолжетімді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Интернетке кеңжолақты қолжетімдікті қамтамасыз ететін желілер 6 459 елдімекеннің 4 646-сында салынған. Бұл ретте осы елдімекендерде 18,2 млн адам, халықтың 97,3% тұратынын атап өткен жөн. Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасы бар, онда жыл соңына дейін 250 және одан да көп адам тұратын барлық ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету тапсырылған. Қазіргі уақытта интернетпен қамтылмаған 883 ауыл қалды», — деді спикер Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін екі жоба жүзеге асырылуда. Бірінші жоба «Талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша елдімекендерді кеңжолақты қолжетімділікпен қамту» деп аталады.

«Жоба бойынша мемлекет мектептер, ауруханалар мен әкімдіктер үшін ауылдық елдімекендерде Интернетке кеңжолақты қолжетімдік қызметтерін сатып алады. Жоба 2020 жылдың соңына дейін 1 257 ауылдағы 3 718 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымдарды қамтиды», — деді В. Ярошенко.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button