Жарнама
Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 13 кеншіге медициналық көмек қажет

18 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен 11 кенші емдеу мекемелерінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың 2-еуі үй жағдайында амбулаторлық бақылауда. Барлығы 13 кеншіге медициналық көмек қажет.

«17 тамызда «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауырлау. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», — делінген хабарламада.

Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button