Атырауда 69 тұрғын үй құрылысы салынады

stroitelstvo mnogoetazhnogo doma Жаңалықтар

Atr. kz / 13 – ақпан.  Биыл Атырауда 69 тұрғын үй құрылысы салынады. «Осылайша, бес мыңнан астам атыраулық қоныс тойын тойлаушылар қатарын арттырады» деп мәлімдеді бүгін Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы халық алдында есеп беру жиыны кезінде.

stroitelstvo mnogoetazhnogo doma

Қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 85 мыңға жуық адам кезекке тіркелген. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1999-2004 жылдар аралығында кезекте тұрған азаматтарға Зарослый елдімекенінен өткен жылы 870 жер учаскелері берілді. Биыл осы елді мекеннен тағы 1000-ға жуық жер телімдері бөлінеді.

«Еркінқала-3 елді мекенінен 3000-ға жуық учаскелердің жобасы жасақталуда. Жер телімдері заңнама талаптарына сай, инфрақұрылымдар толықтай жүргізілгеннен кейін беріледі», – деп нақтылады спикер.

         Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз