Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасында 2020 жылдан бастап енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін арттыруға көмектеседі

        Денсаулық сақтау саласында тарифтердің өсетіні туралы мәлімдемеден кейін жұртшылықты медициналық қызмет бағасы көтерілмей ме деген мәселе алаңдатқаны рас. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырыуымен өткен ашық пікірталаста «Қарапайым халық үшін медициналық көмек бағасы өспейді. Тариф – министрлік пен емдеу мекемелері арасындағы мәселе. Біз халыққа тегін қызмет көрсететін емдеу мекемелеріне атқарған жұмысы үшін төленетін қаражатты өсіреміз. Бұл медициналық қызмет сапасын көтеріп, қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалып отырған қадамдардың бірі», деп нақты жауап берген болатын.

Мемлекет денсаулық сақтау саласына яғни, халыққа көрсетілетін тегін медициналық қызметтерге жыл сайын бір триллион теңгеге жуық қаржы бөледі. 2019 жылы бұл қаржы көлемі 972,7 млрд теңгеге жетті. 2017 жылы салаға жалпы мемлекет пен азаматтардың жеке шығындарын қосқанда 1 трлн 759 млрд теңге шығын жұмсалған. Оның 40 проценті немесе 550 млрд теңгесі — халықтың «қалтасынан» шыққан қаражат. Яғни, азаматтардың жеке шығындары 2010 жылмен салыстырғанда 3 есе артқан. Соңғы деректерге сүйенсек, денсаулық сақтау саласындағы қаржы тапшылығы 362,5 млрд теңгені құрап отыр. Яғни, кепілдендірілген тегін медициналық көмекке осынша қаржы жетіспейді деген сөз. Бұл – тегін медициналық көмекке бөлініп отырған қаржының үштен бірі.

Келер жылдан бастап енгізілетін сақтандыру жүйесі осы шығындардың өсу қарқынын төмендетуге көмектеседі. 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2020 жылы медициналық көмекке жұмсалатын қаржы 1 трлн 620 млрд теңге деп белгіленген. Бұл биылғы шығындардан 67 пайызға көп. Аталған қаржының 967,7 млрд. теңгесі тегін медициналық көмекке, 652,8 млрд теңгесі – сақтандыру пакеті бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалады. Сақтандыру жүйесі арқылы өмір бойы қаржы тапшылығының зардабын тартып келе жатқан консультативтік-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру деңгейі үш есе артады. «Мысалы, біз қазір салалық маманның консультациясына 700 теңге төлейміз, ал, нарықта оның құны шамамен 5-6 мың теңге тұрады. Мемлекеттік емдеу мекемелерінде білікті мамандардың тұрақтамау себебі осында. Ал, сақтандыру жүйесі ісе қосылғаннан кейін тарифтерді 15 процентке өсіруге мүмкіндік туады.

Қосымша қаражаттар мынадай салаларға жұмсалады: бастапқы медициналық-санитарлық көмекке (қаржыландыру көлемі 40 проценттен 50% дейін артады): Емханада қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар шамамен 30%, жедел жәрдем шақыруға кететін шығын – 24% артады: консультативтік-диагностикалық қызметтерге бөлінетін қаржы 5 есе артады; стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті, соның ішінде жоғары технологиялы қызметтерді қаржыландыру деңгейі 25% өседі: сақтандырылған азаматтарды оңалту мен қалпына келтіруге бағытталған ем-дом шараларына бөлінетін қаражат 2,5 артады;

Жалпы алғанда, тарифтерді есептеу әдістемесі де түбегейлі өзгермек. 2021 жылдан бастап тариф қалыптастыру барысында амортизациялық шығындар ескерілетін болады. Қаржының өсуі сатып алынатын қызмет түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері емхана қызметін дамыту мақсатында бірқатар тарифтер көтерілді. Олар негізінен дәрігерлер мен медицина персоналының жалақысын өсіруге бағытталды. Жыл соңына дейін тағы бірқатар тариф түрлерін өсіру жоспарда бар. Жалпы, тарифтерді теңестіру көрсетілетін қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттырып, жеке меншік секторды мемлекеттік тапсырысты орындауға, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға ынталандырады.

Бұл қарапайым халық үшін де өзінің оң әсерін береді. Яғни, ақша көбейген соң тариф өседі, тариф жоғары болған соң мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшынатын клиникалар саны артып, жаңа клиникалар ашуға ынталы болады, клиника қанша көп болса, пациент үшін күрес те күшейеді, бәсекелестік қанша күшті болса, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы да жоғарылайды. Қазір біз мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жасалатын операцияларға белгілі бір шектеу қоюға мәжбүрміз. Лимиттен артық отаға ақша төлей алмаймыз. Ал, медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін мемлекеттік тапсырыста өсірілетін болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

+ 7 7122 956936

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button