Атырауда дабыл сиренасы қосылады

15ecb15f 7be6 4db9 befb f16309a7f63b Жаңалықтар

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәлім етуінше, қалада дабыл сиренасы қосылады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі. 

Дабыл сиренасы 8, 9 ақпан күндері  Атырау облысында «Көктем-2024» республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу іс-шараларының өткізілуіне байланысты қосылмақ. Оның аясында азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланып отыр. 

«Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 8 ақпан күні  сағат 09:00-11:00 шамасында (түскі уақытқа дейін) ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты, Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан сирена кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз