Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына ТШО болашақ жобалары таныстырылды

Atr.kz/30 желтоқсан, 2019 жыл. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірге Теңіз кен орнына барып, «Теңізшевройл» ЖШС болашақтағы жобаларымен танысты, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Мұнай-газ кешенін биіктіктен қараған Алик Шпекбаев пен Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кен орнында болашақ кеңейту жобасының құрылысымен танысты.

«Теңізшевройл» ЖШС болашақ кеңейту және сағалық қысымды басқару жобаларының директоры Мик Крэйли жұмыстың жоспарға сай жүріп жатқанын айтты. БКЖ 2023 жылдың ортасында іске қосылады, ал сағалық қысымды басқару жобасы 2022 жылға жоспарланған. Болашақ кеңейту жобасы Теңізде шикі мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге артып, жылына 39 млн тоннаға жетеді.

Құрылыс нысандарын аралау барысында агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлемдік деңгейдегі ірі энергетикалық жобалардың бірінің құрылысымен танысты. 
ТШО өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиялық қиындығын айтып, өндірістік қауіпсіздікке ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Алик Шпекбаев компания өкілдеріне бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болған жағдайда тікелей хабарласуға болатынын атап өтті.

img 20191228 wa0003
img 20191228 wa0006

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button