unnamed 1 1

Атырауда автобустар арнайы бақылауға алынды

Жаңалықтар Қоғам

Аtr.kz/18 сәуір, 2020 жыл. Төтенше жағдайға байланысты қаламызда көлік қозғалысын шектеу мақсатында жəне Атырау облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, шаһардағы жолаушы тасымалымен айналысатын автобустар жүрісі сəуірдің 17-інен бастап тоқтатылды.

Соған байланысты, қаланың тыныс- тіршілігін қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлерін жұмыс орындарына жеткізу үшін Атырау қаласы əкімдігі арқылы арнайы автобустар шығарылды. Олардың қозғалыс бағыттары, жүру кестесі мен уақыты көрсетілді. Нақтысын айтқанда, жеті бағытта жүретін «Тасымалдау әкімдіктен» деген жазуы бар маршрут бөлінді. Маршруттардың жүру сызбасы әлеуметтік желілерде және бұқаралыық ақпарат құралдарында  жарияланды.

Алайда, қала тұрғындары мен жолаушылар тарапынан бұл автобустардың қозғалысында белгіленген интервалдың сақталмайтындығына,  жүргізушілердің жүру маршрутын жөндеп түсіндірмейтіндігіне шағымдар түсуде.

Осы мәселемен қала əкімдігіне хабарласып, мəн-жайды білмек болғанбыз. Соған орай, əкімдіктің ресми өкілі Əлібек Науаровтың айтуынша, автобустар алдында хабарланғандай, алты емес, жеті бағытта қатынайды. Бұл маршруттардың сызбасы «Infobus»  – автобустардың қозғалысын бақылау  бағдарламасына енгізілуде. Осы интеграциялау жобасы аяқталғасын бəрі де реттеледі. Оның үстіне, жолаушылар өздеріне керекті маршруттың қай жерде келе жатқанын үйден щықпай-ақ бақылап,  біліп отырады.

Дәулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған