Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстан Қытайдан жеміс-жидек әкелуді тоқтатты

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Мұндай шешім карантиндік құрамы бар өнімдердің табылуына байланысты қабылданып отыр.

Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеп отыр. 2 наурыздан бастап министрлікке қарасты мемлекеттік инспекция комитеті Қытайдан сүйекті, дәнді-дақылды және цитрустық өнімдерді кіргізуге уақытша тосқауыл қойды.

Қытай тарапынан бау-бақшаларда карантинге қатысты профилактикалық шаралардың жүргізілмеуінен халықаралық және жекелей карантиндік фитосанитарлық талаптардың бұзылуы орын алған.  

2019 жылы ҚХР-нан карантинік өнімдерді өткізу барысында 52 заңбұзушылық, соның ішінде карантинге жатқызылған организмдер анықталған 7, фитосанитарлық сертификаты жоқ өнімдер табылған 22, карантиндік өнім қаптамаларының таңбаланбаған 13, фитосанитарлық талаптар бұзылған 3, фитосанитарлық серификаттардың сәйкес келмеген 4 және карантиндік өнімдердің тексерілмеген 3 жағдайы анықталған.

Бұл жағдайлардың бәрінде карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған (12 мың бірлік тауар). Сондай-ақ, 2 млн теңге көлемінде 27 айыппұл салынған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysyny%d2%a3-%d3%99kimi-%d3%99leumettik-zhelide-zhauap-bermejtin-basshylar%d2%93a-sh%d2%afjlikti/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button