Атырауға жас мамандар келіп жатыр

tmimtmtmtmtm COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Интернатура және резидентура бітіріп келген 55 маман Атырау қаласындағы және аудандардағы емдеу мекемелеріне жұмысқа кірісті. Олармен кездескен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов медицина саласының ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқандығын атап айтты.

– Бүгінде облыста 9 мың медицина қызметкері болса, оның ішінде 2 мың медицина маманы пандемиямен күреске жұмылдырылып отыр. Оның үстіне, өңірде 278 дәрігер жетіспейді. Бүгінгі таңда Жылыой, Құрманғазы аудан­дарында ауруханалар салы­нуда. Сонымен бірге, Атырау кардиоорталығына жапсарлас ғимарат ашылады.

– Медицина және білім са­ласы мамандарын дайындауға қашан да басымдық береміз, – деген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жас маман­дарды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылғанын баяндады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының б а с ш ы с ы Н ұ р л ы б е к Қабдықапаров аймаққа жалпы саны 122 жас маман келетінін айтты. Қазіргі кез­де олардың алды жұмысқа кірісіп кеткен.

– Коронавирус і н д е т і н е б а й ­л а нысты жас ма­мандар қосымша көмекке келеді д е п к ү т і л у д е . Олардың жалақысы заң шеңберінде к ө р с е т і л г е н деңгейде төленеді. Егер инфекциялық немесе провизорлық стационарға жұмысқа кіріссе, министрлік бұйрығына сәйкес, үстемеақы бөлінеді. Емдеу мекемелері басшыларынан түскен сұранысқа сай, мамандар үймен қамтылады, – деді басқарма басшысы.

Насыр мен Альбина Оңғарбаевтар – «қызыл аймақта» жұмыс істеп жатқан отбасылық жұп. Дәрігерлікті таңдаған жас мамандар – Ақтөбенің тума­лары. «Жұмысқа 20 шілде күні кірістік. Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық стационарда­мыз. Науқастарды қабылдап, жағдайларын бақылаймыз. Ауру тарихына қатысты құжаттар толтырамыз. Қазіргі уақытта облыстық әкімдік жалдап берген «Достық» қонақ үйінде тұрамыз. Ауруханаға автобус тасымалы ұйымдастырылған. Бүгінде ахуал тұрақталып, науқастар саны азаюда. Десе де, осын­дай қиын жағдайда халыққа көмек көрсетіп жатқанымызға қуаныштымыз» дейді Насыр мен Альбина Оңғарбаевтар.

Облыстық аурухананың провизорлық ауруханасын­да жұмыс істеп жатқан м а м а н н ы ң т а ғ ы б і р і – Д м и трий Ли. Хирург мамандығын бітірген ол жатақханаға орналастырыл- ғанын айтады. «Үш мезгіл ас-ауқатпен, қажетті қорғаныс киім-кешектермен қамтамасыз е т і л д і к . Т ә ж і р и б е м і з болмағандықтан, тәлімгерлер- мен кеңесе отырып, ем- шарасын тағайындаймыз» дейді – Дмитрий Ли.

Қазіргі уақытта Ақтөбе медициналық академиясын аяқтаған 53 маманның 11-і стационарлық ауруханаға, 27-сі бастапқы медициналық көмек көрсететін емханалар­да жұмысқа кірісті. Қалған 15 маман аудандарға жіберілді.

Дайындаған: Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз