Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан нарығына жаңа шетелдік интернет байланыс операторлары кіреді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Кабенов ауыл мектептерін Starlink интернет желісіне қосу процесі туралы түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазір аталған жүйеге ауылдарды емес, тестілік режимде мектептерді қостық. Осы орайда 10 ауыл мектебі SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылды. Мұндай қадамдар елімізде интернет жүйесі нарығын дамытуға ықпал етеді», — деді О. Кабенов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда ол Starlink-тен басқа OneWeb және SES сияқты операторлар бар екенін еске салды.

«OneWeb және SES компаниялары алдағы жылдан бастап еліміздің аумағында қызмет етуді жоспарлап отыр», — деді комитет өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2000 ауыл мектебін Starlink жоғары жылдамдықты интернетке қосу мәселесі пысықталып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button