Жүзден жүйріктер анықталды

cc952c25 bb57 4605 982f 23eb5d0ec257 Жаңалықтар

Өңірде талай жарыс та, байқау да, түрлі шаралар да өтіп жатыр.

Дегенмен, бұл доданың басқалардан айырмашылығы көп.   Мұнда 8 – 17 жас аралығындағы ДЦП диагнозы қойылған, орталық жүйке жүйесі зақымдалған және омыртқасының ауыр жарақаттары бар, аутист балалар  бочча спорт түрінен сынға түсті. Иә, кәдімгідей спортшылардай бір-бірінен асып түсуге тырысқан 20 қатысушы 5 диагноздары бойынша 5 категорияда жарысып, дарабоз атанып, жүлдеге жету жолында жанталасты. 

9bcc5610 6c1e 4c77 82e2 c353b691f7c1

Бағы мен бабы келіскен сайыпқырандар ВС1 категориясында Аят Мамай, ВС 2 – Нұрасыл  Жігер, ВС3 – Мүслім Тұрмыс, ВС 5 – Айсұлтан Дүйсемалиев , Вс 7 –де Айназ Жексенбайлар ірінші орында қанжығаға байлап,  Астана қаласына жолдаманы ұтып алды.

Рита Өтеуғали

Фото: Әнуар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз